Карта сайта
Карта сайта
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайттың толық нұсқасы

    

Батыс Қазақстан облысында  Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығына орай Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы  және  Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері жəне қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының  келісімдеріне сәйкес 2018 жылдың сәуір-маусым айларында 3 кезеңде мемлекеттік қызметшілер арасында Облыстық спартакиада  өтті.

Осы спартакиаданың негізгі мақсаты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыруда мемлекеттік қызметшілердің жетекші рөлін және дәстүрлі шараға айналған сайыстың мәртебесін арттыру, мемлекеттік қызметшілерді спортпен жүйелі шұғылдануға бағыттау, жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлерін шыңдау, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үлгісі бұқаралық спортты насихаттау, мемлекеттік қызметшілер арасында іскерлік байланыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
Бұл жарысқа облыс бойынша 1200-ден астам мемлекеттік қызметшілер 21 команда қатысып, спорттың 12  түрін қамтыды, соның ішінде ұлттық ойындар: тоғызқұмалақ, асық ату ойындарынан да жарыстар оздырылды.
2018 жылдың 27-29 сәуір, 11-13 мамыр, 18-20 маусым аралығында 3 кезеңге созылған Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиадасы өз мәресіне жетті. Жеңіске қол жеткізген командалар  Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері жəне қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кəсіподағы атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарысқа қатысқан мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің спорттық шеберліктері шыңдалып, бұқаралық спорт жоғары дәрежеде насихатталды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер арасында іскерлік байланыс пен ынтымақтастық қалыптасты.

 

Өмірбаян

Сұрақ-жауап

Сұрақ қою

 

 

Альмагамбетов Куат Райханович

Сізді менің блогымда көргеніме қуаныштымын!

ҚР Мемлекеттiк Туы

1992 жылы ресми қабылданған

 

ҚР Мемлекеттiк Елтаңбасы

мұралық, ерекше белгі

 

ҚР Мемлекеттiк Әнұраны

ұлттық салтанатты ән